Жамбылдық полицейлер 3 тәулікте жасөспірімдердің 500-ден астам заңды өкілін жауапкершілікке тартты
Ағымдағы жылдың 17-19 шілдесі аралығында балалардың жазғы демалысы кезеңінде Жамбыл облысының аумағында "Түнгі қаладағы балалар" жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз болуы, сондай-ақ оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату деректерінің жолын кесу.
Іс-шараға 436 полиция қызметкері, білім беру мекемелерінің - 76 өкілі, денсаулық сақтау мекемелерінің - 12 және жергілікті атқарушы органдарының 36 өкілі жұмылдырылды.
Ювеналды полиция инспекторлары тұрғын үй аулаларында, саябақтарда және жастар көп жиналатын жерлерде, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді.
Жедел- алдын алу іс-шарасының нәтижесінде ІІО-ға- 587 жасөспірім, оның ішінде 521 жасөспірім- тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болғаны үшін, 22-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеткізілді.
Сонымен қатар, 27 ата-анаға қатысты балаларын тәрбиелеуде өз жауапкершіліктерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "Тәрбие және (немесе) білім беру бойынша жауапкершілікті орындамау, жасөспірім дердің құқықтары мен мүдделерін қорғау" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кәмелетке толмағандарды бейімделу орталығына 21 жасөспірім орналастырылды.
[xfvalue_img]