Іссапар шығындарының және еңбек демалысы ақысының уақытылы төленбеу фактілері анықталды

Іссапар шығындарының және еңбек демалысы ақысының уақытылы төленбеу фактілері анықталды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

2024 жылдың І жартыжылдығы ішінде Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында 20 мәселе қаралды, оның ішінде 3 мәселе мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер, ал 17 мәселе профилактикалық сипаттағы тақырыптар. Тәртіптік істерді қарау нәтижесінде уәкілетті тұлғаларға тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар жіберіліп, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

«Мәселен, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметтік автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін атқарған қызметінен босатылды, ал Бурабай кентінің әкіміне сметалық құжаттамада көзделмеген қосымша жұмыстарды жүргізу туралы негізсіз талаптар үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бұдан басқа, Қоянды ауылының әкімі мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстардың нақты орындалуынсыз оларға мерзімінен бұрын ақы төлегені үшін «Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды» - дейді спикер.

Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша анықталған құқық бұзушылық фактілері қаралды. Мысалға, мемлекеттік қызметшілерге 243 700 теңге мөлшерінде қызметтік іссапар шығыстарын уақтылы төлемеудің 95 фактісі және мүлде төлемеудің 8 фактісі анықталды. Департаменттің араласуынан кейін аталған төлемдер толық мөлшерде жүргізілді.

Бұдан басқа, спикердің айтуынша, бірқатар мемлекеттік органдарда іссапар шығыстарын уақтылы төлемеу фактілері, кейбір мемлекеттік органдарда жыл сайынғы еңбек демалыстарына уақтылы ақы төлемеудің 33 фактісі анықталды. Талдау қорытындысы бойынша және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы негізінде 41 қызметшіге жалпы сомасы 400 мың теңгеге іссапар шығыстарының тиесілі сомасы және еңбек демалысын уақтылы төлемегені үшін өсімпұл төленді. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес шығарған ұсынымдар негізінде 6 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу тәжірибесіне талдау жүргізіліп, нәтижесінде 1 839 747 теңгеге сыйақыларды заңсыз төлеудің 15 фактісі анықталды. Негізсіз төленген сыйақы сомаларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілді.

Бүгінгі таңда әдеп бұзу фактілерінің, оның ішінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау – Департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.