Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті
А.ж. 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыста Атбасар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы С.Т. Каранағаевқа қатысты ғимараттарды салу және қайта жаңарту бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойғаны және ақы төлегені, соның нәтижесінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны бойынша тәртіптік іс қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңеспен тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша С.Т. Каранағаевқа «атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды, тиісті ұсыным Атбасар ауданының әкіміне жіберілді.
Бұдан басқа, Ерейментау ауданы құрылыс бөлімінің басшысы Д.К. Хамитовтан тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын шешу туралы ұсынысы қаралды. Қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын шешуден бас тарту туралы шешім қабылдады.
[xfvalue_img]