Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалуда
Бүгін Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша брифинг өтті.
Департамент басшысы Берген Беспалинов атап өткендей, бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет жүйесінде меритократия қағидатын сапалы іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдануда.
«Мысалы, Департаменттің құзырына Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы өзіне тағайындалған тәртіптік жазамен келіспейтіні туралы өтініш жіберген. Осыған ұқсас өтініш Шортанды аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманынан да келіп түсті.
Жүргізілген тексеріс мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерінің бұзылғандығын көрсетті. Нәтижесінде тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күші жойылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалыпқа келтірілді» - деп Берген Беспалинов атап өтті.
Сонымен қатар спикер тәртіптік бақылау жұмысына тоқталып өтті. Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өтіп, онда 96 мәселе, оның ішінде 23 тәртіптік іс қаралған. Сонымен қатар Департаментке 219 өтініш түсіп, 122 тексеріс жүргізілген. 68 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды.
Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]
7 пікір