Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бойынша жұмысын бастады
Бұл туралы Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-офицерлеріне арналған арнайы мектеп шеңберінде хабарлады.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті өңірдегі осы стандарт бойынша жұмысты бастаған алғашқы квазимемлекеттік субъект болды.
Айта кетейік, ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйелері» сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, ұйымның сенімі мен корпоративтік мәдениетін арттыруға көмектеседі, сондай-ақ ұйым ішіндегі парақорлыққа қарсы жүйені жетілдіру бойынша талаптарды анықтап, ұсыныстар береді.
Семинар барысында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалы басшысы Саида Сәдуақасова халықаралық стандартты енгізу туралы нұсқаулықпен сөз сөйледі.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын іске асыру шеңберінде шақырылған сарапшылар өзекті тақырыптардағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сарапшылармен жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, ұйымда ішкі анализді жүзеге асыру, қызметтік тергеу жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Атап өтейік, Ақтөбе облысында квазимемлекеттік секторда 290 комплаенс-офицерлер қызмет атқаруда.
[xfvalue_img]