АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ЕНГІЗІЛУДЕ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС ЕНГІЗІЛУДЕ

«Antikor ortalyǵy» алаңында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың, «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенованың және квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында және коммерциялық ұйымдарда корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын құру мәселелері бойынша семинар өтті.

«Өткен жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің өзектілігі мен маңыздылығы заңнамалық деңгейде айқындалған. Комплаенс қызметі мамандарының басты міндеттерінің бірі - құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның имиджін қорғау. Бұл құрал квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, сондай - ақ компаниялар ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді деп санаймыз», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев өз сөзінде.

Семинарда шақырылған спикер - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Рысбекова сөз сөйлеп, Стандарттау халықаралық ұйымы әзірлеген ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ISO 37001 стандарты 2016 жылдың қараша айында жарық көрді. Оны әзірлеуге 44 елден 80-нен астам сарапшы тартылып, үздік әлемдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелер қолданылды. Ол ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін енгізу, қолдау және жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі талаптар мен ұсынымдардың жиынтығын білдіреді.

«Стандартта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылға және ұйымның корпоративтік мәдениетін жақсартуға бағытталған шаралар мен бақылау рәсімдерінің тізбесі толық айқындалғанын атап өткім келеді», - деп хабарлады Жанар Рысбекова.

Кездесу соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс формалды механизм емес, шын мәнінде жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті. Мұнда бәрі әр ұйым басшылығының еркі мен күш-жігеріне байланысты.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.