ШҚО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі» өткізілді
24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының квазимемлекеттік секторының 70 комплаенс маманы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебіне» қатысып, арнайы оқытудан өтті. Іс-шараны өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырды.
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев кіріспе сөз сөйледі. Өз сөзінде Талғат Башев квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы комплаенс қызметінің маңызды рөлін атап өтті, ол заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, осындай ұйымдардың қызметінде ашықтық пен әдептілікті қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген.
Семинар барысында қатысушылар өзекті тақырыптар бойынша ауқымды баяндамалар жасады. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және оның реформалары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі, ISO 37001-2017 «парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» стандарты бойынша сертификаттау, сондай-ақ ұжымдарда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша психологиялық тренингтер өткізілді.
Іс-шара соңында комплаенс-офицерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің мектебіне» қатысқандығы туралы сертификаттар табыс етілді.
[xfvalue_img]