Қаланың тәртіп сақшыларына тұрғындар алғыс айтуда
«102» жедел арнасы арқылы хабарламаларға жедел ден қойғаны үшін полицейлердің жұмысы туралы азаматтардан көптеген оң пікірлер түсуде.
Осылайша, қала тұрғыны ақшасын қайтаруға көмектескен полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдіреді. Анықталғандай, жанармай құю бекетінде жүргізуші құйылған жанармай үшін 8 мың теңге төлемей, кетіп қалғаны белгілі болған. Бірден жедел қоңырау арқылы хабарланған сақшылар дереу қажетті шаралар жүргізгеннен кейін кассирге ақша қайтарылған.
Тұрғындар «102» нөміріне жиі хабарласып, қоңырауға жедел ден қойған учаскелік полиция инспекторларына да алғыстарын айтуда. Мәселен қоңырау шалушы рұқсатсыз кәріз жүйесін тартып, суды игере алмай жан-жағын суға толтырған көршісіне шара қолдануды сұраған. Аталған ақпаратты алысымен дереу барған инспектор бірден тиісті шара қабылдаған.
Азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беру, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету – әрбір полиция қызметкерінің міндеті. Дегенмен белсенділік танытқан азаматтардың қолдауымен елордалық полиция қызметкерлерінің еңбегі еленіп жатқаны біз үшін мәртебе.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]