Елордалық полицейлерге қала тұрғынынан кезекті алғыс келіп түсті
Елордалық полицейлердің атына азаматтардан көптеген алғыстар келіп түседі, онда олар тәртіп сақшыларына көрсеткен көмектері үшін ризашылықтарын білдіруде.
Жуырда Астана қаласының Полиция департаментіне елорда тұрғынынан алғыс келіп түсті, ол өз хатында ІІО-ның аға тергеушісі полиция подполковнигі Әлім Жамалиевке алғысын білдірді. Оның үйлесімді және кәсіби қасиеттерінің арқасында азаматқа жедел көмек көрсетілді.
«Оның көмегімен қаскүнем ұсталды, мен емін-еркін демала алдым. Полицияда осындай қызметкерлердің көп болуын шын жүректен тілеймін», - деп жазады ол.
Конституциялық құқықтарды қорғау, азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беру, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету – әрбір полицейдің міндеті.
Азаматтардың алғыс сөздері тәртіп сақшылары үшін тамаша ынталандыру болып табылады.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
14 пікір