Астаналық тәртіп сақшыларының жұмысына қала тұрғындарымен қонақтары алғыстарын айтуда
Елордалық Полиция департаменті жеке құрамына қала тұрғындары мен қонақтарынан көптеген алғыс сөздер айтылып жатқанын айта кеткен жөн. Жедел басқару орталығына түскен қоңыраулар бойынша жедел ден қойған полиция қызметкерлеріне азаматтар алғысын білдіреді. Атап айтсақ соңғы екі айда полицейлер астаналықтардан 114 алғыс алған.
Полиция жұмысы туралы оң пікірлер тікелей «102» телефоны арқылы қабылданады, олар әртүрлі мәселелер бойынша жедел әрекет еткен тәртіп сақшыларына алғыс білдіреді.
Әсіресе түнгі тыныштықты бұзу, абаттандыру, алкогольдік ішімдіктерді ішу, сондай-ақ ережелерді бұзу және иттерді серуендету туралы қоңырауларға жедел әрекет ететін учаскелік полиция инспекторларына тұрғындар тарапынан алғыстарын жиі айтылады. Мәселен әйел азаматша аулада шу шығарып, ішімдік ішкен жастарға шара қолдануды сұраса, тағы бір жағдайда төрт күннен бері подъезде тұрған қоқыстарды бойынша шағым болған. Сол кезде жедел әрекет жасаған полиция тобына алғыс айтып, қоңырулар шалынған.
Сондай-ақ қарт адам «102» арнасына қоңырау шалып, 3 келі сары май салынған пакетті табуға көмектескен полицейлерге алғысын білдірген. Қарт әже кәрілікпен пакетті автобуста ұмытып кетіп, жоғалғанын біліп, полиция шақырған.
Кезекшілік кезінде тәртіп сақшылары түрлі мәселелер бойынша тұрғындарға көмекке келеді. Осылайша, жүргізуші әйел айналма жолда екі дөңгелегі жарылып, мәселені өз бетімен шеше алмай қобалжып тұрғанда полицейлер дер кезінде көмек көрсетіп, оны шина сататын дүкенге апарғаны үшін де алғыс айтқан.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері кез келген жағдайда азаматтарға көмектесуге дайын тұруға міндетті.
Дегенмен азаматтардың алғыс сөздері тәртіп сақшылары үшін тамаша ынталандыру болып табылып, жұмысына серпін беретіні сөзсіз .
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]