Астана қаласы Полиция департаментінде ерекшеленген қызметкерлер марапатталды
Жедел-криминалистикалық қызметтің құрылған күніне орай Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғұмар Шыныбеков қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді марапаттады.
Тәртіп сақшылары осы қызметтің қалыптасуы мен дамуына көп жылдарды арнаған тұлғаларды қасиетті түрде құрметтейді және еске алады. Материалдық-техникалық жарақтандырудың және қызмет көрсетуде бар заманауи құрал-жабдықтардың дамығанына қарамастан, бұл қызметте жинақталған практикалық тәжірибе мен көпжылдық жұмыс барысында алынған дағдылардың маңызы зор. Қылмысты ашуды криминалистердің қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Өйткені, олар қылмыс орнында айғақтарды жинап, зерттейді. Бұл мәліметтер тергеу барысында күдіктінің ізіне түсіп, оның кінәсін дәлелдеуге маңызды бағытта көмектеседі.
Бастықтың орынбасары қызмет ардагерлеріне көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтып, жас қызметкерлерге мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыстап, жемісті еңбек тіледі.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]