Елордалық Полиция департаментінде белсенді еріктілер марапатталды
Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Госман Жакин Елордалық полиция бастығының атынан «Халықаралық волонтерлар» күніне орай белсенді еріктілерді алғыс хатпен марапаттады.
Еріктілер полицейлермен бірлесе жүріп, рейдтер мен профилактикалық іс-шараларға қатысып, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу шараларын өткізуге үлкен көмек көрсетуде.
«Қазіргі таңда азаматтардың көмегі мен олардың қолдауы ерекше маңызға ие. Азаматтық парызын танытып, полицейлермен бірге қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысып жүрген еріктілерге ерекше алғыс айтамын», - деді Госман Сапарғалиұлы.
Қалалық тәртіп сақшыларымен белсенді ынтымақтастығы үшін Әсемгүл Жакупова, Аягөз Омарова, Мұхаммед-Әли Серіков, Жанара Әлкешева, Светлана Решетникова, сондай-ақ Астана қалалық еріктілер іздестіру тобының өкілі Гүлжан Мақсютова және «Қанат» волонтерлік қозғалысының өкілі Бибігүл Әшіровалар марапатталды.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір