Елордалық полицейлер іздеуде жүрген ұрыны тапты
“Сарыарқа» ауданының Полиция басқармасына Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан дүкен сатушысы, белгісіз тұлға оның жұмыс орнында қомақты қаражат 123 000 мың теңге мен қолданыстағы қара сөмкесін ұрлап кеткені туралы арызбен жүгінген. Бұл қылмыстық іс бойынша жедел іздестіру іс шарасын өткізу барысында тәртіп сақшылары тиісті айғақтарды негізге ала отырып, Т есімді азаматты қолға түсірді.
Тергеу барысында белгілі болғандай, дүкенге келуші клиенттердің жоқтығын пайдаланған күдікті, ішке емін-еркін кіріп алған. Шаруамен айналысып отырған сатушыны байқаған ұры, кассаға сездірмей еңкейіп барып, қомақты қаражат пен қара түсті сөмкені алып, оқиға орнынан ғайып болғаны анықталды.Осылайша жәбірленушіге 123 000 теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Аталған іс бойынша жәбірленуші тарапынан көрсетілген дәлелдемелер мен болған оқиғаны анық түсіріп тұрған бейнебаяндағы айғақтар, күдіктінің кінәсін бұлтартпаймойындауынанегіз болды. Оған қатысты Ұрлық бабымен тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті жеке мүлікті ұрлау - қылмыстың ең көп тараған түрінің бірі болып табылатынын еске салады.Сонымен қатар, азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
18 пікір