ҚазАТЗУ ғалымдары құс шаруашылығымен айналысатындар үшін байытылған жем түрін әзірледі
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымдары ғылыми жоба аясында байытылған жем әзірледі. Олар ғылыми негіздемесі бар, жоғары сапалы және қауіпсіз бөдене өніміне қол жеткізетін жоғары қоректік, жеңіл сіңімді және табиғи өсімдік компоненттерді пайдаланды.
Бөдене шаруашылығы – салыстырмалы түрде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңа саласы. Көптеген шаруашылық басшылары осы күнге дейін бұл құстың экономикалық тұрғыдағы пайдасын, құс шаруашылығының осы саласы беретін жұмыртқа мен ет өндіруді арттыру мүмкіндіктерін жеткілікті түрде бағалай қойған жоқ. Бүгінгі күні бөдене шаруашылығы - Солтүстік Қазақстан халқының жұмыртқа мен ет сияқты құс өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын көздердің бірі.
Жобаның негізгі идеясы мен ерекшелігі – физиологиялық және биологиялық процестерді ынталандыратын, жалпы денсаулықты нығайтатын және жемнің қорытылуын жақсартатын экструдталған және табиғи өсімдік компоненттерін пайдалана отырып, байытылған жем әзірлеу. Бұл болашақта қауіпсіз әрі сапалы бөдене өнімдерін алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ас қорыту процестері, қанның морфо-биохимиялық күйі мен зат алмасуды оңтайландырып, биологиялық құнды өнімдердің - ет және жұмыртқа өнімділігін артады.
«Біз «Start» рецептісі бойынша бөденелерге арналған жем желісін әзірледік. 2023 жылы ет және жұмыртқа бөденелеріне арналған жемнің барлық желілері сынақтан өтті. Олар: Start (бастапқы), Grower, Layer, Finish (құрамы жақсартылған екінші). Біздің рецепттеріміздің ерекшелігі – ет пен сүйек ұнының болмауы және оған экструдталған дәнді құрамдас бөліктердің қосылуында», - деп түсіндірді ғылыми жоба жетекшісі, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің ветеринариялық санитария кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Динара Жаңабаева.
Айта кету керек, әзірленген азықтар сапасы мен қауіпсіздігі бойынша бағаланды. Зерттеу барысында олар улы емес, әрі қауіпсіз деп танылып, қабылданған жалпы стандарттар бойынша жоғары сапалы және қауіпсіз жемге қойылатын талаптарға сәйкес келді. Бөдененің ағзасына жемнің әсерін зерттеу нәтижелері олардың ет және жұмыртқа өнімділігінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті.
Зерттеу жұмыстарының нәтижелерінен кейін, келешекте бөдене шаруашылығының әлеуеті мен жемшөптің жаңа түрі туралы ғлыми жаңалық қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында таратылатын болады.
[xfvalue_img]