С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Зерттеу Университеті болып трансформацияланды

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Зерттеу Университеті болып трансформацияланды

 

     Енді Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығына қарасты  С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық универстиетінің құрамына 3 ғылыми-зерттеу институты кіреді. Олар -  А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Қазақ орман шаруашылығы, агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу институты, Нұр-Сұлтан қаласындағы қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ және Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай нақты шешім қабылдады .

Осылайша, ҚАТУ әлемнің жетекші университеттері сияқты аграрлық ғылым мен кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы моделіне көшеді. Аталған модельде зертхана-аудитория-өндіріс өзара байланысты жүйемен біріктіріледі. Универистет осы мақсатта әлемдегі жетекші аграрлық университеттер: UC Davis (АҚШ) және AgroParisTech-пен (Франция) бірге ҚАТУ-ды Дамытудың алдағы 5 жылдық бағдарламасын әзірледі.

Оның ерекшелігі мынада:

  1. Зерттеу университетінде шетелдік жетекші ғалымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын ғылыми бағдарламалар мультипликативті нәтижесімен тиімді. Яғни, АӨК-нің өзекті мәселелерін шешетін ғылыми әзірлемелермен бірге, осындай жаңа бағдарламалар негізінде заманауи ғылыми кадрлар дайындалады. Әрбір ғылыми зерттеудің нәтижесі студенттер үшін бірден жаңа білім беру бағдарламаларына айналады.
  2. Білім алушыларды практикалық басымдықпен оқыту күшейтіледі, олар студенттік кезден ғылыми жұмысқа тартылатын болады. Сондықтан аграрлық факультеттердің жоғары курс студенттері, магистранттар, докторанттар ҒЗИ және тәжірибелік станция базасындағы кампустарда тұрып оқиды. Бүгінгі күні ҚАТУ шетелдік әріптестер көмегімен оқу бағдарламаларын жаңғыртуды бастады. Егер олардың барлық ұсыныстарын орындау мүмкін болса, 5 жылдан кейін ҚАТУ-дың магистрлік дипломы AgroParisTech университетінде де мойындалатын болады.
  3. Зерттеу университеті фермерлер үшін білім тарату орталығына («extension services») айналады (аграрлық мамандарды қайта даярлау). Жетекші аграрлық университеттерде «extension services» жүйесі ғылымды өндіріспен байланыстыратын «көпір». Зерттеу университетінің осы функционалының арқасында оның әрбір ғалымы (оқытушысы) ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі мәселелерін, оның нақты қажеттіліктерін дер кезінде біліп отырады, бұл - АӨК үшін қажетті ғылыми зерттеулер мен кадрларды даярлау бағыттарын анықтауда аса маңызды.

«Біздің шетелдік серіктестеріміз сараптағандай, еліміздегі аграрлық ғылымның басты мәселесі оны мемлекеттің толық қаржыландырмауында ғана емес, мәселе ғылыми әлеуетті дұрыс пайдалана алмауда. «Ең бастысы, инвестиция дурыс жүйеге салыну керек» екен. Сонда ғана ғылым тиімді болмақ» – дейді С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев.

Осылайша, ҚАТУ республикадағы АӨК-де қазіргі заманғы және ең ірі зерттеу және білім беру орталығына айналмақ. Университетте оған қажетті барлық ғылыми, өндірістік инфрақұрылымдар бар.

  

ҰАҒБО баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.