ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Форум өтті
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бір жылдағы жұмыстың қорытындысын шығару бойынша форум өткізілді.
Форумға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов, құқық қорғау органдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер, діни бірлестіктердің, бизнестің, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге және қоғаммен белсенді өзара іс-қимылға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл қоғамның барлық өкілдерінің күш-жігерін біріктіруді талап ететін ортақ іс. Осы форум шеңберіндегі әрбір талқылау, әрбір көзқарас біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға өз үлесін қосады» - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша ШҚО-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтарды азайту мақсатында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді. Облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картасына экология, көмір тапшылығы, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, құрылыс, қымбат металл айналымының заңсыз схемалары, жылу электр станциялары мен бизнес мәселелері, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй мәселелері.
"Бұлар біздің облыстағы сыбайлас жемқорлықпен байланысты негізгі проблемалар. Жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді, бүгінгі таңда анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деп атап өтті ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов.
Қоғамдық ұйымдардың, жастар және бизнес құрылымдарының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты өз пікірлерін білдіріп, түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарын айтты.
Форум соңында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар мен жобаларға қатысқаны үшін жұртшылық өкілдері мен мемлекеттік органдар қызметкерлерін марапаттау өтті.
[xfvalue_img]
8 пікір