ШҚО-ДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМ ӨТТІ
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жыл ағымында атқарылған жұмысты қорытындылау бойынша Форум өткізді.
Форумға ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ерлан Жалмағамбет, әкімдік басшылығы, ЖОО ректорлары, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері, жастар қатысты.
Форумда алғашқы сөз сөйлеген Алмасхан Сматлаев барлық қатысушыларды облыс әкімі Даниал Ахметовтің атынан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнімен құттықтады. Ол мемлекеттік аппарат жұмысындағы басты қағидат – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы екендігін, әкімдік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, бюджеттік процестердің ашықтығын болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жүйелі реформалар Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзіндік моделін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
«Кез-келген реформалар мен өзгерістер олардың оң әсерін нақты әр азамат сезінгенде ғана маңызды. Сондықтан біздің жұмысымызда бірінші кезектегі міндет – азаматтардың мұқтаждықтары мен үміттерін қанағаттандыру», - деп атап өтті өз сөзінде облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ерлан Жалмағамбет.
Форум барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткізілген түрлі конкурстардың жеңімпаздары марапатталды, атап айтсақ: БАҚ өкілдері арасында үздік жарияланымға арналған конкурс, студенттер арасында үздік бейнероликке және үздік жобалар конкурсы, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын ілгерілету ісіне белсене араласып, берік азаматтық ұстаным танытқан тұлғалар марапатталды.
Форум «Адал бол, адам бол!» атты жастардың флеш-мобымен аяқталды.
[xfvalue_img]
21 пікір