Ақмола облысында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған Форум өтті
Көкшетауда «Bolashaq saraiy» ғимаратында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған «Өзгерістер толқынында» өңірлік форумы өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов, сот және қадағалау органдарының басшылары, облыс өңірлерінің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ қоғам, саяси партиялар, бизнес-құрылымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы виртуалды көрмені аралаудан басталды, онда қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі бағыттар бойынша жыл ішіндегі жетістіктер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың перспективалары таныстырылды.
Сондай-ақ, іс-шара қонақтары отбасыларда парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Парасатты отбасы» фотосуреттер көрмесімен танысты, ал «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» мектеп және студенттік клубтарының қатысушылары қатарындағы «өзгерістер агенттері» Форумның ашылуында барлық қонақтарды қарсы алды.
Шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
«2004 жылдан бастап БҰҰ бастамасымен жыл сайын 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. Сыбайлас жемқорлық жаһандық қауіп төндіреді, сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселеге ұлттық саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде көп көңіл бөледі. Біздің қоғамшылдарымыз бен азаматтарымыздың белсенді қолдауымен бүгінгі күні біз өңірде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында ауқымды жұмыстар жалғасатынына сенімдімін», - деді Ермек Маржықпаев.
Өңір басшысы қоғам қайраткерлеріне және БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың кешенді шаралары еліміздің халықаралық рейтингтердегі орнын жақсартуға мүмкіндік берді. Мәселен, 2020 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болып қалып, 19 позицияға көтерілді. Мемлекеттің маңызды жетістіктерінің бірі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) халықаралық ұйымына мүшелік болды. Бұл мемлекеттік органдар мен азаматтардың бірлескен күш - жігерінің арқасында мүмкін болды және бүгінгі форум мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың бірегей алаңын ұсынады», - деп атап өтті облыстық Антикор басшысы Арман Рахимов.
Бұдан бөлек, халық арасында парасаттылық мәдениетін ілгерілету шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Степногорск қаласының әкімі, облыстық Білім, Ішкі саясат, сондай-ақ Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармалары басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Форум барысында «Парасатты отбасы» байқауының, БАҚ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқаудың, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен заң саласының өкілдерін өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысымен марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шара Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжі студенттерінің болашақ ұрпақты сыбайлас жемқорлықты қабылдамау, адалдық және парасаттылық рухында тәрбиелеуге бағытталған театрландырылған көрініс көрсетуімен аяқталды. Сондай - ақ, көрермендер алдында ән нөмірімен отбасы - «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпазы өнер көрсетті.
[xfvalue_img]
40 пікір