Антикор орталығында ашық есік күні өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «Antikor ortalyǵy» алаңында ашық есік күні өтті.
Шараға колледж студенттері қатысты. Қатысушыларға Антикор орталығының қызметі мен мақсаты таныстырылып, экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасы туралы айтылды.
Сондай-ақ, студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары және мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді.
«Құқық қорғау органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады,» деп Департамент мамандары атап өтті.
Сонымен бірге, Департамент өкілдері жастарға адал, парасатты болуға, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырды.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мамандары Антикор орталығында тұрғындарға құқықтық кеңес береді.
[xfvalue_img]
1 пікір