Ашық есік күні
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «Antikor ortalyǵy» алаңында ашық есік күні өтті.
Іс-шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали мен жеке құрам, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы Айгүл Демеуова, қоғам өкілдері, студенттер мен журналистер қатысты.
Шараға қатысушыларға «Antikor ortalyǵy» қызметі мен мақсаты таныстырылды. Жалпы Департаменттің міндеттері түсіндіріліп, атқарылған жұмыс нәтижелері көрсетілді.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали «Antikor Оrtalyǵy» азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында оларды кедергісіз қабылдау үшін ашық алаң болып табылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен және мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді.
Шара соңында қатысушылар әлеуметтік бейнеролитерді көріп, суреттер көрмесін тамашалады және естелік фотоға түсті.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамаларына сәйкес, «Antikor ortalyǵy» халыққа ашық қызмет етуде.
[xfvalue_img]
20 пікір