ШҚО-да «Антикор орталығында» ашық есік күні өтті
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ашық есік күні» акциясы аясында С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Қазақстан-Американдық Еркін университетінің заң факультеттерінің студенттеріне және "Саналы ұрпақ" клубының мүшелеріне өз есігін ашты.
Іс-шара барысында ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарымен, "Антикор орталығы" құрылымымен, ведомствоның жұмыс тәртібімен таныстырып, сондай-ақ өңірде сыбайлас жемқорлықты қарсы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы әңгімеледі.
– Аталған іс-шараның мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет миссиясын жеткізу және Агенттіктің жобалары аясында жас, сауатты және мақсатты мамандарды біздің қатарымызға тарту, - деп атап өтті Архат Бейсембаев.
Департамент өкілі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз жұмысын ашықтық мен айқындыққа бағыттағанын түсіндірді. Сондай-ақ азаматтардың ведомствоға деген сенімін арттыруға және мемлекеттік органның жабықтығы мен негативтілігі туралы қоғамда қалыптасқан пікірден бас тартуға бағытталған.
ШҚО жастар ресурстық орталығының директоры, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша пул жетекшісі Арайлым Есімбекова жастарды адал, парасатты болуға, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырды.
Сонымен қатар, студенттерді сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарламалары үшін марапаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "1424 Call-орталығы" қызметі туралы хабардар етті.
Өз кезегінде студенттер еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби тәжірибеден өтуге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Акция соңында студенттер қызықты және танымдық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
[xfvalue_img]
7 пікір