Елордалық полицейлер терроризмге қарсы қорғаныс бойынша семинар өткізді
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №7 және №78 мектеп-гимназия қызметкерлерімен «Терроризм актісі салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша, күдікті затты тапқан кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері туралы» тақырыбында семинар өткізді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.
Бұл ұсынымдардың мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ҚР ҚК 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы жеткізді.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]