Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері терроризмге қарсы қорғаныс бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК және №7 мектеп-гимназиясының қызметкерлерімен терроризм актісі нәтижесінде пайда болған техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерді жою бойынша, күдікті затты тапқан кездегі қызметкердің іс-қимылы тақырыбына семинар өткізді. Кездесу барысында төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.
Жиынға қатысушыларға ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы жеткізілді.
Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]