Елордалық полицейлер терроризмге қарсы қорғаныс бойынша семинар өткізді
Ағымдағы жылдың 29 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлерімен «Терроризм актісі нәтижесінде пайда болған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша, күдікті затты тапқан кездегі қызметкердің іс-қимылы туралы» тақырыбында семинар өткізді. Сонымен қатар бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.
Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайларда алдын алу іс-шаралары мен іс-қимылдарын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.
Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]