ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ЕНДІ АНТИКОРМЕН БІРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗЕТІН БОЛАДЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ЕНДІ АНТИКОРМЕН БІРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗЕТІН БОЛАДЫ

         Бұл туралы күні кеше болған дөңгелек үстел қорытындысы бойынша екі мекеменің ынтымақтастығы туралы бірлескен меморандумға қол қоюынан кейін мәлім болды.

         «Сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған жүйелі күш пен келісілген әрекет қажет. Ал сыбайлас жемқорлық экономикалық зияннан басқа, азаматтарымыздың жан дүниесі мен психологиясын жегідей жейді» - деді кездесу барысында облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Серік Бектұрғанов – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі қызметі құқық бұзушылықтың жолы кесу және пара беруші мен алушыларды анықтау екенін ескерсек, бұл міндетті ол бір өзі атқара алмайды. Және олардың әлі де атқаратын жұмыстары көп. Мұндай жағдайда, Қоғамдық кеңестің қызметтік құқықтары шегінде біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын алу бойынша біраз көмек көрсете алар едік».

         Өз кезегінде облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Серікжан Мырзалы Қоғамдық кеңес мемлекет басшысының «естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау призмасы арқылы өңірдің мемлекеттік органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талдауының нәтижелері және қызметіне мониторинг жүргізу бойынша механизм өңдеуде маңызды рөл атқара алатынына сенім білдірді.

         «Жақын арада қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттегі азаматтық қоғам рөлін күшейтуді қарастырады» - деді жиналғандарға Серікжан Мырзалы – «Бұл қоғамдық бақылауды дамытуда, атап айтқанда, өңірдерді дамыту жобалары мен жоспарларына қоғамдық мониторинг жүргізуде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы Қоғамдық кеңестердің рөлін күшейтуде, қоғамдық ақпаратты жеңілдетуде, журналистердің әлеуетін кеңейтуде, сенім институтын дамытуда, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды қабылдауда және басқаларда көрінеді. Бұл механизмдер қазір іске асыру сатысында, сондықтан Қоғамдық кеңестің қатысуы БАҚ құралдары, диалог алаңдары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және ескертуге бағытталған шаралар арқылы маңызды рөл атқарады деп есептейміз».

         Атап айтқанда, енді ынтымақтастық туралы келісімде Қоғамдық кеңес мүшелерімен мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысына тұрақты негізде бірлесіп мониторинг жүргізу, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға сарапшы ретінде қатысу және оларды жою бойынша ұсынымдарды орындау сапасын бақылау қарастырылған.

         Кездесу нәтижесінде облыстық Қоғамдық кеңестің құрылымында оның құзіретіне облыс аумағындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық бақылау тетіктерін жүзеге асыру мәселелері енетін комитет құрылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, комитеттің қызметі тұрақты болады, оның мүшелерінің есеп беру ақпараты жарты жылда бір реттен кем емес тыңдалады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.