Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел
Орал қаласының №2 және Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соттарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша облыстық соттың судьясы Хабибула Аманқұловтың төрағалығымен дөңгелек өткізілді. Дөңгелек үстелге соттардағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау және ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Нұрбек Батырханов, соттардың судьялары мен мамандары қатысты.
Судья Х.Аманқұлов бұл жұмыс саласы бүгінгі қоғамдағы басымдықтардың бірі және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты жолы – ашықтық пен жариялылық екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында сот судьясы Арман Назаров «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ парыз» тақырыбында баяндама оқып, мемлекеттік ұйымдардағы әрбір қызметкер республиканың заңдарын басшылыққа алуға және жемқорлық әрекеттерге қарсы тұра алуға міндетті екені туралы айтып өтті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша сындарлы пікір алмасу орын алып, сыбайлас жемқорлықпен күрес және әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.
Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]
24 пікір