Атырау облысындағы құрылысы тоқтап қалған нысандарды салу жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары әзірленеді

Атырау облысындағы құрылысы тоқтап қалған нысандарды салу жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары әзірленеді

ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Алмаз Ыдырысов өңірдің тұрғын үй құрылысымен танысты.

Бірінші кезекте, "Жібек Жолы" және "Ақмаржан" ТҚК проблемалық нысандарын салу мәселесін қарап, үлестік құрылысқа қатысушылармен әңгімелесті. ТҚК деректері бойынша, құрылыс салушыларға қатысты салынып жатқан үйлердегі пәтерлерді үшінші тұлғаларға қайта сату алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Пайшылармен кездесу барысында Комитет төрағасы Атырау қаласының әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, алданған пайшылардың құқықтарын қалпына келтіру мәселесін шешу үшін қысқа мерзімде егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Төраға Министрліктің аталған фактіні бақылауға алғанын және үлестік құрылысқа қатысушы азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі тетік жұмысының оңтайлы жағдайларын сақтау мақсатында ведомство әдістемелік, сондай-ақ консультациялық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Жұмыс сапарының келесі іс-шарасы "Талғайран" шағын ауданындағы 70 тұрғын үйдің құрылысы қарастырылған құрылыс нысандарын тексеру болды. Қазіргі уақытта 6 үй аяқталды, 24 үй аяқталу сатысында. Негізгі  мәселе үйлерді жылумен қамтамасыз ету болып табылады. Аяқталған 6 нысан бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйелерін жүргізу ағымдағы жылы қамтамасыз етілетін болады. Жаңа автономды қазандықтарды жобалау мен салу қажеттілігін ескере отырып, қалған 24 тұрғын үй келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Комитет Төрағасы аталған шағын аудандағы әлеуметтік нысандар - мектептер, балабақшалар, спорт мекемелерінің құрылысына ерекше назар аударды және "Талғайран" шағын ауданындағы құрылыс нысандарын уақытылы аяқтау мақсатында бейінді құрылымдарға пайдалануға беру мерзімдерін қатаң бақылауды тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында комитет төрағасы кәріздік тазарту құрылыстарының жұмысын тексерді. Сол жақ жағалау ауданында қуаты тәулігіне 70 000 м3 КТҚ 2021 жылы пайдалануға берілгені атап өтілді. Бүгінгі күні Атырау қаласының оң жақ жағалауында КТҚ қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, мердігерлік ұйыммен шарт жасалды. Нысанды қайта жаңартқаннан кейін кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігін тәулігіне 31 мың м3-ден 60 мың м3-ге дейін кеңейту күтілуде. Жобаны 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.