Құрылыс барысында бақылау механизмін күшейту жоспарланып отыр – ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ

Құрылыс барысында бақылау механизмін күшейту жоспарланып отыр – ҚАЙЫРБЕК ӨСКЕНБАЕВ

Соңғы уақытта көп қабатты үйлер мен әлеуметтік объектілерде рұқсатсыз құрылыс жүргізу мәселелері жиілеп кетті. Өйткені, аталған кемшілік мемлекеттің және жалпы ел тұрғындарының ортақ мәселесі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Telegram-дағы каналында жазды.

Ведомство басшысының пайымдауынша, жыл басынан құрылыс нысандарында жалпы сомасы 169 млн теңгеден астам 615 әкімшілік құқық бұзушылық  тіркелген.

«Біз жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарын тұрақты негізде өз бақылауымызда ұстаймыз. Мәселен, Алматы қаласында тұрғын үй кешендерінің бірінде құрылыс жұмыстары заңсыз жүргізілген. Рұқсат беретін құжаттарды учаскенің меншік иесі де, құрылыс салушы да ұсынбаған. Құрылыс салушы пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасасуға құқығы болмағанына қарамастан, аталған тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер еркін саудаланған. Тіпті, құрылыс салушының үлескерлерден ақша тартуына рұқсат берілмеген», – деді министр.

Осылайша, биыл 28 наурызда Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы кейбір ғимараттарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру және анықталған кемшіліктерді түзету туралы ұсыныс берді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары тоқтатылып, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң нормаларын бұзғаны үшін құрылыс салушыға қатысты хаттама толтырылған.

Министр сонымен бірге қаңтар-наурыз айларында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты комитеті 32 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 26 нұсқама берілгені, сондай-ақ, 18 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны жөнінде хабарлады.

Ендігі кезекте ҚР ИИДМ мемлекеттік бақылау және объектілерді пайдалануға қабылдау жүйесін толығымен қайта қарайтын болады. Бұл ретте бақылау механизмін күшейту жоспарланып отыр. Оның ішінде, объектінің пайдалануға беру бойынша дайындығын растау үшін нысандарды қабылдау барысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының міндетті қатысуы қамтамасыз етілетін болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив