Мемлекеттік қызмет үздік мамандар үшін ашық
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз». Бүгінде Президент жұмысшы және шығармашыл жастардың барлық бастамаларын қолдайды. Тек нақты мақсаттар қойып, қажырлы еңбек ету қажет.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығымен бірлесіп студент жастармен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты дарынды жастарды мемлекеттік қызметке даярлау және тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады? Мансаптық өсу үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Әлеуметтік қолдауды қалай алуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға Департамент басшысы Берген Беспалинов жауап берді.
Сондай-ақ, спикер тәлімгерлік институттары, басқа мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында тағылымдамадан өту, шетелде оқу мүмкіндігі, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардар етті.
Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мансия Есекеева мемлекеттің болашағы жастарға тікелей байланысты екенін, сондықтан олар өз уақыты мен ресурстарын ұтымды пайдаланып, білімді және патриот, әрі Жаңа Қазақстанның даму драйвері болуы керектігін атап өтті.
Жастар арасында мемлекеттік қызметтің құндылықтары мен қағидаттарын насихаттау мәселелерінде әріптестікті нығайту, сондай-ақ бастамашыл, талантты жастарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту мақсатында Департамент пен Жастар-ресурстық орталығы арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Меморандум шеңберінде тараптар жастар үшін бірлескен іс-шаралар өткізіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істегісі келетін адамдар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
[xfvalue_img]
27 пікір