Жастардың әлеуетін тиімді қолдану қажет

Жастардың әлеуетін тиімді қолдану қажет

Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мақсатымен ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейтетін, мемлекетімізді одан әрі өркендетіп, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды және тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін озық ойлы әрі бәсекеге қабілетті мамандар қажеттілігі өте зор.

Осыған орай, Президентіміз Касым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде екінші рет Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізілетін болады. Бұл жобаның басты мақсаты – қоғам мүдделерін басшылыққа алатын және маңызы зор әрі тиімді реформаларды іске асыра алатын жас таланттардың әлеуетін іске асыру.

Резервке іріктеу барысын барынша ашық және әділ өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар кадр резерві бойынша Ұлттық комиссия резервке іріктеудің арнайы тәртібі мен жоспарын бекітті. Осыған сәйкес кандидаттарды іріктеу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталып, нәтижесінде 50 резервші іріктелетін болады.

Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді, кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. 2019 жылы ұйымдастырылған іріктеуге қарағанда, бұл жолы кадрларды іріктеу процесі талап етілген білімдерді, дағдылар мен қабілеттерді ғана емес, сонымен қатар кандидаттардың шынайы мақсаттары мен құндылықтарын анықтауға бағытталған. Іріктеу барысында кандидаттардың күрделі сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу, ситуациялық тапсырмаларды шешу қабілеттері бағаланып, құрылымдалған мінез-құлық сұхбаты ұйымдастырылады. Сонымен қатар Ассессмент-орталығы арқылы кандидаттардың жаңа формация көшбасшыларына тән стратегиялық ойлау, қызметті басқару, белсенділік сияқты қасиеттеріне баға беріледі.

Елі мен жерінің көркеюіне перзенттік үлесін қосатын таңдаулы жастардың қатарына кірем деуші азаматтардың құжаттарын қабылдау 1 – 30 қыркүйек аралығында арнайы pkrezerv.gov.kz онлайн-платформасында іске асырылатын болады. Резервке іріктеу туралы соңғы шешім Жастар кадр резерві бойынша Ұлттық комиссиямен қабылданатын болады. Резервтің құрамына кірген маман 3 жыл ішінде мемлекеттік лауазымға тағайындалуға құқылы.

Өзінің келешегін күні бұрын ойлайтын мемлекет алдымен жас азаматтардың қабілет-қарымын шыңдап, тиісті дәрежеде көңіл бөлетіні түсінікті.  Осындай жастарды мемлекеттік басқару аппаратына көбірек жұмылдыру қажет, себебі олардың ойлары ұшқыр, көзқарастары қалыптасқан, әлемдік тенденцияларды жақсы түсінеді.

Президенттік жастар кадр резерві - жас буын өкілдерінің жауапты қызметке келуі үшін жасалып отырған игі бастама. Бұл жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана емес, ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу деген сөз.

Бұл жобаның тиімділігін алғашқы іріктеуден байқауға болады. Резервке кірген 300 азаматтың ішінде 106 адам жеке сектордан, 98 адам квазимемлекеттік сектордан, 96 адам мемлекеттік қызмет жүйесінен болды. Бүгінгі таңда олардың 184-і немесе 60% жұмысқа тұрғызылып, еліміздің түрлі секторларында еңбек етуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Дарынды жастарды басшылардың жаңа буынын даярлауға барынша тартып жатырмыз. Менің бастамаммен құрылған Президенттік кадр резерві – осының айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеуге ерекше назар аударамыз. Билік органдарындағы азаматтар, ең алдымен, ұлттық мүддеге берік болуға тиіс» деп атап өтті. Бұл сөзбен келіспеуге болмайды, себебі елімізге ұлттық мүддені терең сезінетін жастар керек.

Президент айтқандай, жастар – тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану қажет. Білімді әрі білікті жас мамандардың ортақ мүдде үшін топтасатын, ұлтты биікке жетелеп, жаңаша дамуға бастайтын маңызды әрі жауапты сәт келді...

Берген БеспалиновҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.