Мемлекеттік қызметке қызығушылық артып келеді
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері Жастар-ресурстық орталығы ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Қатысушылар тестілеуді қалай және қайда тапсыруға болады, тестілеуге қалай дайындалу қажет, мемлекеттік қызметке түскісі келетін кандидаттарға қандай талаптар қойылатыны туралы сұрақтарға жауап алды.
Жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері әкімшілік мемлекеттік қызметке ғана емес, құқық қорғау қызметіне де түсу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Жастар мемлекеттік әкімшілік қызметке орта білімнен кейінгі біліммен түсуге болатынына, сондай-ақ жұмыс өтілі талап етілмейтін төменгі лауазымдардың бар екеніне қуанышты болды.
Барлық қатысушыларға мемлекеттік қызметке іріктеудің барлық кезеңдерінен өту бойынша толық нұсқаулықтар берілді, ақпараттық брошюралар таратылды, тестілеуге жазылу және мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы ақпаратты іздеу бойынша мастер-класс өткізілді.
Айта кетейік, Жастар-ресурстық орталығы мен Департамент өкілдері іс-шараларды өткізу аясында жас азаматтарды тарта отырып, одан әрі тығыз өзара іс-қимылды жоспарлап отыр.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]