Жарқын Ғалымов Шал ақын ауданына жұмыс сапарымен барды

Жарқын Ғалымов Шал ақын ауданына жұмыс сапарымен барды

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы аудан активін таяудағы бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша қабылданған тұжырымдамамен жеке таныстырды.

Жарқын Ғалымов атап өткендей, Тұжырымдамада нақты реформалар мен жобаларды қамтитын 6 міндет қарастырылған.

«Сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған шаралардың бірі мемлекеттік қаржыландыруды нысаналы және өлшенетін индикаторлар болған кезде ғана жүзеге асыру ұсынылады. Тұтастай алғанда, бюджеттеуде жобалық қаржыландыруға көше отырып, қаржы жылы шегінде қаражатты игеруден бас тарту ұсынылады. Бұл күнтізбелік жылдың соңында жалған жұмыс актілеріне асығыс қол қоюды болдырмауға мүмкіндік береді. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар салаларды жан басына қаржыландыру арқылы «ақша адамның соңынан ереді» қағидатын одан әрі дамыту маңызды,-деп атап өтті СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы.

Басшының сөзінен мемлекеттік аппараттың тазалығын қамтамасыз етудің маңызды элементі – мүдделер қақтығысын реттеу болады.

«Қазір іс жүзінде біз бұл мәселе реттелмегенін көріп отырмыз, біздің заңнамада даулы жағдайлар туындаған кезде егжей-тегжейлі қадамдық іс-қимылдар жоқ, ал озық елдердің көпшілігінде бұған бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Мүдделер қақтығысын бұзғаны үшін жауапкершіліктің пәрменді шараларын қолдана отырып, оны анықтау мен реттеуді егжей-тегжейлі реттеу жоқ. Мысалы, Германияда мемлекеттік қызметшілер жоғары лауазымдардан босатылғаннан кейін, егер оларға қатысы болса, жеке сектордағы қызметке немесе коммерциялық жұмысты жүзеге асыруға үкіметтің рұқсатын алуға міндетті», - деп бөлісті Ғалымов.

Жұмыс сапары барысында аумақтық департамент басшысы азаматтарды жеке қабылдады. Басшыға кеңес алу үшін үш адам жүгінді. Сұрақтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу ережелеріне, бейінді ведомствоға қызметке кіру ережесіне және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қайда хабарлау қажет екеніне қатысты болды.

Жарқын Ғалымов сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту және осындай фактілер туралы хабарлаған адамдарды қорғау бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті. Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 1424 Call-орталығының қызметін жетілдіруге ниетті.

Айта кетейік, 2021-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шал ақын ауданының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстарды тіркеген жоқ. Алайда, 2020 жылы 4 қылмыс тіркелген, оның ішінде 3 жемқорлық бойынша.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.