СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталығында болды

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталығында болды

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Жарқын Ғалымов іссапарымен Мағжан Жұмабаев ауданына барды. Онымен бірге сапарға «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, БАҚ өкілдері мен жұртшылық қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосына тағайындалған жаңа басшы «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің жұмысымен танысып, азаматтарды жеке қабылдады. Барлығы жеке қабылдауға үш адам келді.

Жарқын Ғалымов қандай да бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне немесе мемлекеттік орган тарапынан кері байланыстың жоқтығына бірнеше рет шағымдардың түсуі өңіріміздің нақты мемлекеттік органындағы немесе ауданындағы жүйелі проблемалардың бар болуын куәландыратынын атап өтті.

«Әлемдегі сервистің үздік үлгілерін зерттеуге сүйенсек, бұл ретте ұсақ-түйектер жоқ деген нақты жауап береді. Мәселен, қызмет алушылармен әңгімелесу кезінде қолданылатын сөз тіркестерінен бастап қызмет көрсету кезінде бет әлпеті мен сыртқы келбетіне дейін барлығы маңызды. Дәл осы жұмыс қазақстандық мемлекеттік аппараттың инновациялық модельге көшуін жеделдетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті басшы.

Сонымен қатар, жарқын Ғалымов аудандық орталық кітапханада «Парасат жолы» орталығының ашылуына қатысып, халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық филиалының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалап, аудан активімен кездесу өткізді.

Аумақтық департамент басшысы өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатаңдату жөніндегі заңнамалық бастамаларға тоқталды, сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсағаны үшін жауапкершілік, үнемдеу қажеттілігі және мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі заңдылықты қатаң сақтау туралы ескертті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы үш пакеттің жалғасы ретінде жақын арада төртіншісі әзірленетін болады, оның ішінде заңсыз баю үшін жауапкершілікті енгізу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, integrity check кәсіби сатылмаушылығына тестілеуді енгізу, параны уәде еткені/ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін еселенген айыппұлдарды алып тастау көзделген», - деп түйіндеді Жарқын Ғалымов.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.