Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу өткізілді
2021 жылғы 20 қыркүйекте "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС кеңсесінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру" тақырыбында дәріс өтті. Кездесуге "Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС басшылары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері және мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметшілер қатарынан спикерлер пулы өкілі қатысты.
Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Е. Кенебаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістермен таныстырды. Мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер қатарындағы спикерлер пулының өкілі, "Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ мектеп және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Тастемір А.Ө. мемлекеттік қызметшінің имиджін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, респонденттер арасында мемлекеттік қызметшілердің жұмысына қатысты жүргізілген сауалнама талдауының нәтижесімен бөлісті.
[xfvalue_img]