ЕЛОРДАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ЕЛОРДАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

 

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу және Мемлекет басшысының Жолдауындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

         Кездесуге елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ернат Ақылжанов және Арнайы мониторингтік топ мүшесі Марат Сатаркулов қатысты.

         Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жүргізіліп жатқан шаралармен таныстырды. Сондай-ақ, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын фактілердің алдын алу мен жолын кесу үшін тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.

         Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте айтқан тапсырмаларына тоқталды.

«Бүгінгі таңда елордалық департаментпен қоғамның белсенді тұлғалар, қайраткерлер, жазушылар, өнер майталмандарымен бірлесіп азаматтар арасында парасаттылық құндылықтарын насихаттау бойынша жұмыстар атқарылуда. Қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасына» мемлекеттік мекемелер толық көлемде бюджет қаражаттарын орналастырды» -, деді Жазира Жылқышиева.

Спикер сонымен қатар, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін мемлекеттік органның бірінші басшылары жеке жауапты екендігін ескертті және пара беру мен пара алудағы әкімшілік айыппұл мөлшері туралы ақпарат берді.

Ернат Ақылжанов мекемедегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және «2019-2020 жылдарға арналған Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша» іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қызметкерлерді адалдыққа, әділдікке, парасаттылыққа шақырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.