Петропавлда мас жүргізуші мен жолаушы ұсталды

Петропавлдың танымал пабликтерінде полицейлер тоқтап тұрған автокөліктің қасында жас жігітті ұстап жатқандары туралы бейнежазба пайда болды. Жүргізуші мен жолаушыға қатысты автор жазбасында «Аяғында әзер тұр, жолда бұндай адамдар кезікпесе игі еді», - деген екен.

Петропавл қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. 24 сәуір күні шамамен сағат 18-де Жамбыл көшесінде «ВАЗ-2115» автомобилін басқарған Қызылжар ауданының 36 жастағы  тұрғыны ұсталды. Жүргізушіден спирттік ішімдіктің иісі сезіліп тұрған, оған медициналық куәландырудан өту ұсынылды. Алайда, көліктің ішінде отырған жолаушы жігіт полицейлердің заңды талаптарына қарсы шыққан. Ол қоғамдық тәртіпті сақтау туралы талапты елемей, полицейлерге бағынбаған. Полицейлер күш қолдануға мәжбүр болды.

«Медициналық куәландыру жүргізуші де, жолаушы да орта деңгейдегі алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті, - деді Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Жолаушыға қатысты әкімшілік ұстау қолданылды, қызметкердің заңды бұйрығына және талабына мойынсұнбағаны үшін әкімшілік материал жинастырылды. Масаң күйде көлік басқарғаны үшін жүргізушіге хаттама толтырылды. Көлікті масаң күйде жүргізу үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру көзделгені туралы естеріңізге саламыз. Аталған факті облыс аумағында сәуірдің 22-нен 25-сі аралығында өткізілген «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде анықталды».

Жалпы 4 күннің ішінде СҚО жолдарында 26 мас жүргізуші анықталды. Олардың әрқайсысы қылмыскерге айналуы мүмкін. Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында маневр жасау ережелерінің 55 бұзушылығы, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне 45 рет өтіп кету  тіркелді. 47 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жолда басымдық бермеген, үшеуі қарсы бағытқа шығып кеткен. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.