Петропавл полицейлері «Динамо» стадионында орын алған ұрлықтың жолын кесті
Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 20 сәуір күні таңертең металл бағанды әкетіп бара жатқан ер адамды тоқтатқан. Масаң күйдегі қала тұрғыны бағанды тұрғылықты жері жоқ адамдардың мекеніне айналған жылу құбырларының маңында тауып алғанын айтты. Алайда, патрульдік полицейлер оның сөздеріне сенбей, мән-жайды анықтау үшін жедел-тергеу тобын шақырған. Жедел уәкілдермен сөйлесе келе, ер адам түсініктемелерінен жаңылысып, металл бағанды «Динамо» стадионынан алғанын мойындады. Дәл осындай баған жылу құбырларының астында жасырылған екен, тағы біреуін полицейлер металл қабылдайтын орыннан тәркіледі, күдікті бұл жерге таңғы сағат 7-ге дейін барып үлгерген екен.
«Бұл металл қоршауларды бекітуге арналған тіректер, - деп түсіндірді Петропавл қ. Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин. – Қазіргі уақытта стадионда қайта құру жұмыстары жүргізілуде, жолақтарға асфальт салуға кедергі келтірмес үшін қоршаулар қайта орнатылды. Күдікті 33 жастағы қала тұрғыны жақын маңда тұрады, терезесінен стадион аумағы жақсы көрінеді. Онда тіректердің дуалдың қасында қалдырылғанын көру және қол жеткізу жолдарын қарастыру мүмкіндігі болған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша енгізілді. Ұрланған тәркіленді».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]