Түнгі Таразда мас күйінде көлік құралын жүргізген үш жүргізуші тоқтатылды
Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығының аудандарында мас күйінде көлік басқарған үш жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай режиміне қарамастан, тәртіп бұзушылар қозғалысқа салынған тыйымдарды елемей, көлік құралдарын мас күйінде басқарған.
"BMW" және "Mazda" автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) хаттамалар толтырылды. "Chevrolet" маркалы автокөлігін басқарған үшінші жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот іс материалдарына сәйкес, "BMW" және "Mazda" автокөліктерінің жүргізушілерін 15 тәулікке қамауға алуға және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыруға үкім шығарды. "Chevrolet" маркалы автокөлігінің жүргізушісіне 20 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті карантин кезінде адамдардың және жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынғанын ескертеді. Төтенше жағдай режимі мен карантин талаптарына бағынбағаны үшін құқық бұзушы заңға сәйкес жазаланатын болады.
[xfvalue_img]