«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында кездесу өтті
Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі. Кез келген дамыған қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бірден-бір күрделі және маңызды мәселе.
Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілдерімен кездесті.
Кездесудің мақсаты- жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау болып табылады.
Жиын барысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбырайханұлы мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру кезінде қызметтік этика нормаларын сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру- баршамыздың міндетіміз екенін жеткізді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды деді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір қызметкер жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей, жеңіске жету мүмкін емес екенін айтты.
Жиын соңында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]