"Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Отырысқа "Nur Otan" партиясының ШҚОФ жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы А.А. Светаш, ШҚО бойынша МҚІД басшысының орынбасары К.Н. Сапарғалиев, жұмыс тобының жетекшісі, КПО мүшесі, ШҚ облыстық мәслихатының депутаты Р.А. Молдашева, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі Г.Т. Байркенова және т. б. қатысты.
Отырыс барысында Бородулиха ауданының әкімі О.А. Булавкинаның және ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметті өткеру мен кадрлық қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша есептері тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдайларды жою және проблемалық мәселелерді шешу мақсатында бірқатар ұсыныстар әзірленді.
[xfvalue_img]