Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Мемлекет басшысы ағымдағы жылы 6 қазанда сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Заңға қол қойған болатын.
Елімізде сыбайлас жемқорлық ең қауіпті жаулардың бірі болғандықтан, оның алдын алу ісінде – заңдардың шығарылуы, тиісті арнаулы мемлекеттік органдардың ғана жұмыс жасауы жақсы нәтижеге жетуге аздық етеді. Сондықтан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлкен мән берілуі қажет.
Демек, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі болып саналады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
Б.А.Баимбетов
Мұғалжар аудандық сотының
аға сот приставы
[xfvalue_img]
11 пікір