ҮЛБІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі М. Баяндинов, «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Превенция және Парасаттылық басқармасының маманы Ж. Кусаинова Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Маржан Бахыт Үлбі полиция бөлімінің ұжымына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды жоюдың маңыздылығына кеңінен тоқталып, мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту мәселелерін атап өтті.
Агенттіктің бастамалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша Ж. Кусаинова баяндама жасады.
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың және басқа да заңдылықты бұзу фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында полиция бөлімшелерімен тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Басқарма басшылығы мекемемен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, қызметкерлерді құқық бұзушылықтардан аулақ болып, әдеп қағидаларын сақтауға шақырды.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік роликтер көрсетілді.
[xfvalue_img]
25 пікір