«ЕСІЛ» АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Есіл» ауданы Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті.
Кездесуге елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарма төрағасының кеңесшісі Асхат Кожумов, «Есіл» ауданы Полиция басқармасының бастығы Мадияр Айтуғанов және Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкілі Алишер Нұралиев қатысты.
Жазира Жылқышиева Полиция басқармасының ұжымына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды жоюдың маңыздылығына кеңінен тоқталып, Агенттіктің бастамалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдіріне талдау жүргізу және бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту мәселелерін атап өтті.
Асхат Кожумов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шет елдердің тәжірибесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпарат берді.
Спикерлер қатысушыларға арнайы әзірленген бейнеролик ұсынып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Басқарма басшылығы мекемемен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, қызметкерлерді құқық бұзушылықтардан аулақ болып, әдеп қағидаларын сақтауға шақырды.
[xfvalue_img]