ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Баяндинов Марат Бексолтанұлы, «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу бойынша халықпен тікелей жұмыс істейтін бөлімшелер басшыларымен кездесу өткізді.
Маржан Бахыт Полиция басқармасының ұжымына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды жоюдың маңыздылығына кеңінен тоқталып, Агенттіктің бастамалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту мәселелерін атап өтті.
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың және басқа да заңдылықты бұзу фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерімен тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.
Басқарма басшылығы мекемемен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, қызметкерлерді құқық бұзушылықтардан аулақ болып, әдеп қағидаларын сақтауға шақырды.
[xfvalue_img]