СҚО-да ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов жұмыс сапарымен болды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов Солтүстік Қазақстан облысына іссапары барысында өңір активіне облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жаңа басшысын таныстырып, жобалық топтардың жетекшілері және атқарушы билік өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Жеке құраммен жүздесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство жұмысының басымдықтарын кезекті рет еске салған орталық аппарат өкілі «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерімен де жеке кездесті.
Содан кейін Агенттік аппаратының басшысы Петропавл қаласы ашық әкімдігінің және 109 қызметінің жұмысын көрді. Қуаныш Жапақов атап өткендей, әкімдік жанында қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасалған.
Жобалық топ жетекшілерімен кездесуде «Парасат жолы» орталығының және «Саналы ұрпақ» жұмысы таныстырылды.
Мәселен, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі өз қызметін Kozybayev University альма-матерінде жүзеге асырады, оның жұмысына 300-ден астам волонтер-студенттер тартылған.
Сонымен қатар, елордалық мейманға «Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС ламинатталған фанера шығаратын зауыттың қуаттылығы көрсетілді. Инвестициялық жоба аумақтық департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуінде. Жасалған келісім аясында Департамент кәсіпкерді жосықсыз шенеуніктер тарапынан кез келген бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтан 100% қорғап, заңнама аясында туындайтын түйткілді мәселелерді шеше отырып, демеу болуда.
Іскерлік сапар барысында Агенттік аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов және облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жаңа басшысы Жарқын Ғалымов «Медсервис+» қоймасында вирусқа қарсы дәрілік препараттардың бар-жоғын тексерді. Қазіргі уақытта тапшылық байқалмайды.
Қуаныш Жапақов бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру маңызды екенін, сондай-ақ жаңа тәсілдер мен шығармашылық идеялар қоғам мен жастар тарапынан қуана қаблданатынын ерекше атап өтті.
[xfvalue_img]