ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт Өскемен қаласының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті.
Қала әкімінің аппарат басшысы Нурлыбек Шерубаевтың төрағалығымен аппарат қызметкерлері мен құрылымдық бөлім және салалық мекеме (онлайн режимде) өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Жігер Байділдин мемлекеттік қызметшілерге Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, Департамент тарапынан қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты.
Жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахыт «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2020 жылы атқарған жұмысы туралы баяндап, ағымдағы жылғы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты әлеуметтік роликтер көрсетілді.
Жігер Байділдин кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерге пара алғаны және бергені үшін құқықтық жауапкершілік күшейтілетінін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заң қатаңдатылатынын жеткізді.
[xfvalue_img]