Төтенше жағдай кезеңіндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн режимдегі қызметі

Төтенше жағдай кезеңіндегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің онлайн режимдегі қызметі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қызметін қайта қарады. Төтенше жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үздіксіз «on-line» режимде жариялау қамтамасыз етілді.

Бұл туралы Агенттіктің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов онлайн-брифинг барысында айтты.

«Бұл тұрғыда негізгі міндеттердің бірін Агенттіктің ақпараттық қызметі атқарады. Оның аясында «Antikor.Live» жаңа жобасы іске қосылды. Күн сайын сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін еліміздің барлық өңірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықпен «тікелей эфирге» шығады», - деді Қ. Жапақов.

«Тікелей эфирлер» Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің Facebook, Instagram, Youtube танымал әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жүргізіледі. Эфир барысында тұрғындарға елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары мен заңнамалық бастамалары туралы ақпарат ұсынылады, сонымен қатар нақты уақыт режимінде спикерлерге сұрақтар қою мүмкіндігі беріледі.

Қазіргі таңда 206 «тікелей эфир» өтті (57 000-нан астам қаралым). Сондай-ақ, төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап өзара іс-қимылдың онлайн форматы аясында орталық аппарат деңгейінде 4 онлайн-брифинг және 9 онлайн-сұхбат ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар Агенттіктің «Facebook» ресми аккаунтында тікелей эфирде көрсетіледі. Қосымша сөйлеген сөздердің бейнежазбасы жасалып, кейін өңделген бейнематериал Агенттіктің ресми YouTube-арнасында орналастырылады және БАҚ-та таратылады.

Тосқауыл бекеттерде карантин талаптарын сақтау қажеттілігі, төтенше жағдайда сауда және қызмет көрсету нысандарында тексерулер жүргізу саласында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Агенттіктің 1424 Call-орталығына жүгіну қажеттілігі туралы БАҚ-қа арналған 2 бейне-хабарлама жарияланды.

Серіктестік Департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында Агенттіктің барлық республика бойынша қызметін жариялау үшін Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінің қорытындылары туралы «Antikor.News» атты арнайы бейне-шығарылымдарды әзірлейді. Аталған видеодайжест Facebook, Instagram, YouTube, Одноклассники және Telegram әлеуметтік желілердегі Агенттіктің ресми аккаунттарында апта сайын (сәрсенбі, сенбі күндері) жарияланады.

Төтенше жағдай кезеңінде «Электрондық үкімет» порталында интернет-конференциялар өткізу он күндік кезеңге ауыстырылды. Бұл ретте интернет-конференциялардың тақырыптары төтенше жағдайға байланысты сұрақтарға бағытталған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.