«АСТАНА - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ ДӘРІХАНАЛАРҒА САПАРЛАР ӨТТІ
«Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында елорданың дәріханаларында коронавирустық инфекциямен күресте дәрі-дәрмектердің бағасына және қол жетімділігіне мониторинг жүргізілді.
Осылайша, осы жылдың басынан бастап қаланың әр бөлігінде орналасқан 20 дәріханаға шығу ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша бірқатар дәрі-дәрмектердің жоқтығы анықталды.
Мысалы, Есіл ауданында коронавирустық инфекциямен күрестегі дәрі-дәрмектердің бекітілген тізбесіне сәйкес, 6 дәріхана «Гепарин» (ерітінді), «Цефтриаксон» 1000 мг және т.б. жоқтығы анықталды.
Сондай-ақ, осындай жағдай «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарында байқалады.
Сонымен қатар, барлық дәріханаларда дәрі-дәрмектердің шекті бағалары көрсетілген QR - кодтарымен жадынамалар бар екенін ескеру қажет.
Құрметті елорда тұрғындары! Егер сіз дәрі-дәрмектерге бағаны негізсіз көтеріп жіберу фактілеріне тап болсаңыз, «Астана - адалдық алаңы» жобасының +7 775 160 5532 WhatsApp-қа нөміріне хабарлаңыз.
[xfvalue_img]