«АСТАНА - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІХАНАЛАРДА QR КОД АРҚЫЛЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ШЕКТІ БАҒАЛАРЫН КӨРСЕТЕТІН БРОШЮРАЛАР ОРНАТЫЛДЫ

«АСТАНА - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ ДӘРІХАНАЛАРДА QR КОД АРҚЫЛЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ШЕКТІ БАҒАЛАРЫН КӨРСЕТЕТІН БРОШЮРАЛАР ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында халықты ақпараттандыру және дәрі-дәрмектердің қымбаттауын болдырмау, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің жаңартылған толық тізімін жариялау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы, «Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов және қоғам өкілдері «Europharma» және «Гиппократ» дәріханаларына барды.

Мақсат - халықты ақпараттандыру және дәрі-дәрмектердің қымбаттауына жол бермеу.

Әр жарты жыл сайын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бөлшек және көтерме саудаға арналған дәрі-дәрмектердің шекті бағаларын бекітеді. Бұл бастамалар дәрі-дәрмектер нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермейді. Егер дәріхана бағаны қымбаттатса, оны тексеріп, DARI.KZ мобильді қосымшасы арқылы шағым беруге мүмкіндік бар.

Дәрі-дәрмектер белгіленген шекті бағадан асып кеткен жағдайда жеке тұлғаларға - 70 АЕК (194 460 теңге), лауазымды тұлғаларға - 100 АЕК (277 800 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 130 АЕК (361140), орта - 200 АЕК (555 600 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 1000 АЕК (2 778 000 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.

Афишаларда сұранысқа ие дәрілердің бес түрі көрсетілген, сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігімен бектіліген дәрі-дәрмектердің жаңартылған толық тізімін көрсететін QR-код пен «Астана - адалдық алаңы» жобасының телефон нөмірі орналастырылған.

Елордада 8 шілдеден бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Снежанна Имашева, Нұржан Альтаева, қалалық мәслихат депутаттары Мирас Шекенов, Ақылбек Күрішбаев, Рамзия Умербаева, Илья Мещеряков және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдері, «Астана – адалдық алаңы» жоба менеджерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелерінен құралған жұмыс тобы қалалық дәріханаларға мониторинг жүргізу жалғасып жатқандығын атап өту қажет.

Бүгінгі таңда қаладағы 72 дәріханаға мониторинг жүргізілді. Дәрі-дәрмектердің қымбаттауы, жеке тұлғалардың дәрі-дәрмектерді сатуы және басқа да заң бұзушылықтардың 16 фактісі анықталып, олар үшін тиісті шаралар қабылданды.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.