ДӘРІХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы дәріханаларда дәрі-дәрмектердің болуын анықтау үшін мониторингтік топтың жұмысын күшейтті.
Осы орайда «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері Өскемен қаласында орналасқан бірнеше дәріханаларды аралап, дәрі қорының жеткілікті болуын, сонымен қатар санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады.
Жобалық кеңсе өкілдері дәрі-дәрмектерге бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дәріхана сатушыларына тұтынышуларға сапалы қызмет көрсетуге шақырды.
[xfvalue_img]